20 қыркүйек 2017 12:59

Жалақыма бола алаңдамаңыздар, менікі қолжетімді - Келімбетов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Келімбетов "Астана" Халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері қандай жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайрат Келімбетов "Астана" Халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері қандай жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана" Халықаралық қаржы орталығының жоспарларын таныстыру барысында Қайрат Келімбетовтен өзіің және орталық қызметкерлерінің жалақысы қанша екендігі сұралды. Бұған Келімбетов жалақыға байланысты сұрақтардың қызықты болатынын айтты. 

"Екіге бөліп айтайын: бізде төрешілер мен реттеушілер бар. Ол жаққа әлемдік деңгейдегі мамандарды тартамыз, сәйкесінше сәйкес компаниялардан бізге бәсекеге қабілетті жалақы мөлшерін жасап алуға көмектеседі. Біз өте жоғары жалақы беретіндей Дубай емеспіз, Әбу-Даби да емеспіз. Менің жалақыма келсе. Мен Президенттің жарлығымен тағайындалдым, АХҚО АҚ кеңесінің төрағасымын, сәйкесінше бұл заңнама актілерімен реттеледі, бұл жалақы "Бәйтерек" АҚ немесе "Самұрық-Қазына" қорындағы жалақыдан аз. Оның үстіне ереже бойынша биыл сыйақы мен бонустар жоқ. Сондықтан жалақыма бола алаңдаудың қажеті жоқ, менікі қолжетімді. Жалақы көлемі бойынша бізде түрлі қызметіне байланысты айына бір миллионға дейін", - деді Келімбетов. 

Алайда Келімбетов өз жалақысын нақтыламады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети