Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.00
EUR / KZT - 362.80
CNY / KZT - 47.57
RUB / KZT - 5.50

Жалған SMS таратқандар арасында заңгерлер бар болып шықты

20 Ақпан 2014, 17:38
0
ҚР Бас прокуратурасы ғимараты. ©Марат Әбілов
ҚР Бас прокуратурасы ғимараты. ©Марат Әбілов
WhatsApp-пен қазақстандық үш банктің жабылатыны туралы жалған хабар таратқандардың арасында заңгерлер бар деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков брифингте мәлімдеді.

"Бүгінде жалған хабарлар таратуға қатысы бар бірқатар тұлға анықталып, ұсталды. Олар мойындап айғақ беріп, істің мән-жайы туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берген. Бұл тұлғалардың арасында Алматыдағы заңгерлік компанияның қызметкерлері мен бір банктің заңгері бар", - деді Сүйіндіков.

Сүйіндіковтің айтуынша, қазір ұсталғандар мен басқа да анықталған адамдардың жауаптары мұқият тексеріліп жатыр. "Тұтастай алғанда, құқық қорғау органдары көпе-көрінеу жалған ақпаратты дайындау мен таратуға кінәлі барлық тұлғаның әрекетін әшкерелеу мен жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қолға алды. Әңгіме, істің нақты жағдайына қарай, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы болып отыр. Зардап шеккен банктер қазір келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу жөніндегі талап арыздарын ұсынуды бастады", - дейді ресми өкіл.

Қадағалаушы орган өкілі Бас прокуратура айтарлықтай зиян келтіруге және ауыр салдарларға соқтыруға қауқарлы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде Парламентке ұсыныс енгізгенін жеткізді. Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура ел ішінде дүрлігу туғызған жалған хабарламаларды таратқандарды ұстағанын хабарлаған болатын. "Бұл хабарлар аталған банктер салымшылары арасында дүрлігу туғызып, банк есепшоттарынан қаржыны жаппай алуға жол берді. Мұндай әрекеттердің нәтижесінде жүйеқұраушы банктерге елеулі нұқсан келіп, қоғамда әлеуметтік ширығу туғызды, сондай-ақ, халықтың қаржы институттарына деген сенімін жоғалтты", - деген болатын Нұрдәулет Сүйіндіков.

Еске сала кетейік, 11 ақпан күні Ұлттық банк теңге бағамына қатысты түзету енгізген еді. Содан кейін азаматтар WhatsApp желісінде үш банктің банкрот болатыны туралы хабарламалар ала бастады. Белгісіз ақпарат көзінен шыққан күмәнді хабарламалар басқа әлеуметтік желілерде де пайда болды. Адамдар депозиттері мен банк карточкаларындағы ақшаларын жаппай алып, банктерде ұзын-сонар кезек пен байбалам туды. Кейін Ұлттық банк бұл жайттың SMS-терроризм екенін мәлімдеп, азаматтарды сабыр сақтауға шақырды. Kaspi bank жетекшісі болса, жалған хабар таратушыны ұстап берген адамға 100 млн теңге беретінін жария етті.




Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай