26 тамыз 2014 08:48

Жалған мәлімдеме жасаған шенеунікті отставкаға жіберетін механизм неге жоқ?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

«Алаш айнасы» басылымы жалған мәлімдеме жасап, онысының арты іле-шала аймаңдай боп ашылып жатса-дағы еш шімірікпестен халық алдында жүре беретін өтірікші атқамінер шенеуніктерді жазалауды ұсынады. Сонда қандай жаза? Оны интернет-басылым мамандар талқысына қалдырып отыр...


«Алаш айнасы» басылымы жалған мәлімдеме жасап, онысының арты іле-шала аймаңдай боп ашылып жатса-дағы еш шімірікпестен халық алдында жүре беретін өтірікші атқамінер шенеуніктерді жазалауды ұсынады. Сонда қандай жаза? Оны интернет-басылым мамандар талқысына қалдырып отыр...

Негізінен, алдындағы адам шімірікпестен өтірік айтып отырса, одан кез келген жиреніп, бойын аулақ ұстауға тырысады. Өйткені жаман әдет бала-шағаға жұғып кетпесе екен деп тілейді. Ал сол өтірік биік мінберден барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаппай беріліп жатса қайтеміз?..

Мұқым радио-теледидарды өшіріп, газет-жорналды оқымай тастайық па? Ол мүмкін емес қой. Бәрінен бір өтіріктің көп өтірікті тудыратындығы қиын. Сондықтан оған нүкте қою қажет. Мәселен, шетелде саясаткерлер мүлде өтірік айтпайды деп кесіп айта алмаймыз, бірақ оның қандай да бір шек пен шекарасы бар.

Шетелде барлығы заң аясында жұмыс істейді. Тіпті, мораль да, этика да. Өтірік түгілі бір саусағыңызды шошайтсаңыз да жазаланып кетесіз. Мысалы, Жапонияда солай. Өйткені оларда ишарат тілі деген бар. Сондықтан бұл елге тағайындалатын елшілер алдын ала ым-ишара тілін меңгереді. Ал өтірік мәлімдемелерде көп мемлекетте халық аяғын тарсылдатып, бас бармағын төменге меңзеп, өзінің наразылықтарын білдіреді. Бұл «сенбейміз» деген сөз, мұндайда әлгі саясаткердің рейтингісі күрт төмендеп, артынан отставкаға кетеді немесе қызметін ауыстырады. Бұл халықтың пікірімен санасу деп аталады. Сол секілді, өркениетті елдерде бюджет ақшасын ысырап қылғаны үшін қатаң жазаланады. Жалпы, дамыған мемлекеттерде кез келген саясаткердің іс-қимылы, тапқан табысы, шыққан шығысы халықтың көз алдында болады. Бір жерден шалт кетті ме, ол халықтың сеніміне лайық емес деп танылады. Ал бізде ше?.. Барлығы керісінше...

Қазақстандық саясаткерлер шетінен суайт демесек-тағы, биік мінберлерден өтірік мәлімдеме жасау қалыпты жағдай екенін жақсы білеміз. Олардың баршаға өтірік айтқанын біліп тұрсақ-тағы ләм-мим деп үн қатпаймыз. Мүмкін осымыз дұрыс емес шығар. Мәселен, осы айдың басында Мұнай және газ министрі «елімізде тамыздың соңына дейін жанар-жағармай бағасы қымбаттамайды» деп мәлімдеп, халықты оған сендіріп бақты. Бірақ қазір тамыздың бел ортасы: жанар-жағармай бағасының көтеріліп алғанына 3-4 күн боп қалды. Ал министр мырза өз өтірігі үшін халық алдына ақталып шыққан жоқ. Оны ойлап та жүрмеген болар. Сонда дардай мекеме басшысының мұқым халық алдындағы өтірігі осылайынан қала бермек пе?..

Жалғыз Мұнай және газ министрлігі емес, бұл жалпы шенеуніктердің қанына сіңіп алған жаман әдет. Өйткені олардың бұл масқарасын бетіне басып, саусағымен шошайтып көрсетіп жатқан бізде ешкім жоқ. Жазаланбайтынын білгендіктен де олар жалғанның алдында айыл жиюды ойламайтын да болу керек.

Бәрінен бұрын, мұндайда украин Сенько бала құрлы батылдық таныта алмауымыз, өкінішті. Ол өзіне 10 жыл бұрын тарту еткен сыйлығын Владимир Путинге кері қайтарып беріп еді. Сөйтіп ол: «Сіз маған өтірік айттыңыз. Осы үшін де Сіздің сыйлығыңызды кері қайтаруға мәжбүрмін. Егер Сізбен бетпе-бет кездесуге мүмкіндік туса, онда «Владимир Владимирирович, Сіз – өтірікшісіз» деп көзіңізге айтар едім» деген. Иә, 10 жыл бұрын «Сіздің арманыңыз қандай» деген Сеньконың сұрағына: «Әлемде барлығы бейбіт әрі бақытты өмір сүргенін қалаймын» деп жауап қатқан еді бүгіндері Украинаның Қырымын өзіне қосып алып жатқан РФ президенті.

Жалпы, жаза түрі қандай болу керек? Қолданыстағы мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі жұмыс істемесе, ондайда арнайы заң қабылдау қажет пе?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети