05 ақпан 2014 11:57

Жалған шағым түсірудің жауапкершілігі күшейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация ©Тengrinews.kz Иллюстрация ©Тengrinews.kz

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасында жалған шағым түсірудің жауапкершілігі күшейтіледі, ал жарылғыш зат туралыдан басқа анонимді хабарламалар мүлдем қаралмайды деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельге сілтеме жасап. "Азаматтарымыздың конституциялық құқығын негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау мақсатында шағымданушыны тіркеудің алдында оған көпе-көрнеу жалған шағым үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны және жаңа кодекс бойынша жауапкершіліктің айтарлықтай күшейтілгені міндетті түрде ескертілетін болады. Үшінші бөлім бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Ал жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлардан басқа анонимді шағымдардың бәрі тіркеуге алынбайды және қаралмайды", - деді Меркель Парламент Мәжілісінде. Жаңа заң жобасы бойынша қылмыстық іс қозғауға дейінгі кезең алынып тасталады. "Сіздерге белгілі, қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша қылмыстық іс қозғауға дейін тергеуалды тексеріс жүргізіледі, бұл кезеңде азаматқа немесе кәсіпкерге ешқандай кепілдік пен құқық, соның ішінде, қорғану құқығы ұсынылмаған. Сонымен бірге, қылмыстық қудалау органдарына қылмыстық іс қозғау үшін қажет нәрсенің бәрі тәркіленеді, сараптама тағайындалады, тағы басқа. Бұл тексерілушінің имиджіне, оның байланыстарына, серіктестеріне едәуір нұқсан келтіреді. Ал біз қылмыстық істің қозғалуы тұлғаның кінәлі екенін білдірмейтінін білеміз, айыптылықты сот қана белгілейді", - дейді Меркель. Жаңа кодекс бойынша сотқа дейінгі өндірістің басы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды тіркеу болып есептеледі немесе алғашқы шұғыл тергеу әрекеті болуы мүмкін. "Арызда қылмыстық құқық бұзушылықты жасаушы ретінде көрсетілген тұлға бірден қорғану құқығына және алғашқы жауап алуға дейін адвокатпен кездесу құқығына ие болады. Екіншіден, күдіктінің әрекетіне күдік келтіруге жеткілікті дәлелдер негізінде баға беру туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылады, ол соттың немесе прокуратураның санкциясымен жасалады", - деп атап өтті Бас прокурордың бірінші орынбасары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети