Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Жалпыға бірдей табыс декларациясын кейінге қалдырған жөн - сарапшы

15 Сәуір 2014, 14:16
0
©REUTERS
©REUTERS

Сарапшылар жалпыға бірдей табыс декларациясын кейінге қалдыру керектігін айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Табысты декларациялау: қолдау мен қарсы болу" атты дөңгелек үстел барысында айтылды.

Инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің аға сарапшысы Ерлен Бадыхан жалпыға бірдей табыс көлемін жариялау науқанын белгілі бір уақытқа кейінге қалдыруды ұсынып отыр. "Ең болмағанда, Қазақстанда өмір сүру деңгейі  жалпыға бірдей декларациялауды енгізуде министрлер үлгі қылып отырған елдердегідей болғанша кейінге қалдыра тұру керек", - деді ол. 

Бадыханның айтуынша, бұл науқанды 2015 жылы енгізуге болады, бірақ саяси қызметшілер, жоғарғы буын қызметшілері, ұлттық компаниялар, министрліктер қызметкерлері мен олардың туыстары үшін ғана. Бұл санатқа жеке кәсіп етуші мамандарды, мысалы, нотаруистарды, адвокаттар мен дәрігерлерді қосуға болады. Сарапшы салықтық есеп беру формаларын қысқартуды да ұсынады. "Егер салық органы жылдам ақпарат алғысы келсе, талап етілетін құжаттар санын қысқартсын", - дейді ол.

Сарапшының пікірінше, заң жобасын қазіргі күйінде, тіпті, төртінші редакциясынан соң да қабылдауға болмайды. "Егер барлық тұрғын декларация толтырып, өздерінің мардымсыз табыстарын көрсетсе, одан жемқорлық азаймайды. Керісінше, Қазақстанның ерекшелігін ескерген кезде, бұдан жемқорлық, тіпті, күшейе түсуі мүмкін. Себебі, белгілі бір пункттерді дұрыс толтыруды ұмытып кететін және оны салық инспекторына белгілі бір төлем беріп, түзеттіріп алатын адамдар табылады", - дейді Бадыхан.

Сарапшы декларацияны толтырудың электронды әдісінің көп қиындық туғызатынын да айтып отыр. "Егер жобаны жасаушылар декларация тапсыруды Egov бағдарламасымен және электронды қолтаңбалармен біріктіргісі келсе, бәрінің құрдымға кеткені. Бүкіл бастама тамырымен құриды. Пошталық жөнелтулерге келсек, "Қазпошта" миллиондаған тапсырыспен қалай айналыса алады?" - дейді спикер.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай