14 наурыз 2017 17:41

Жаманқұловтың ісі: Сот залында "Қазақфильмнің" топ-менеджеріне жедел жәрдем шақыртылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гауһар Ысқақова Гауһар Ысқақова

Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты кезекті сот отырысында "Қазақфильмнің" топ-менеджері Гауһар Ысқақова әлсіреп қалды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты кезекті сот отырысында "Қазақфильмнің" топ-менеджері Гауһар Ысқақова әлсіреп қалды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Гауһар Ысқақова кенже ұлын бес ай бойы көрмеді. Мүмкін сол үшін қысымы көтеріліп кеткен шығар. Әлсіреді", - деді сотталушының адвокаты Елена Жигаленок.

Осыған байланысты судья үзіліс жасады. 

"Оның басы жиі ауырады және жүрек ауруы да бар. Екі рет стационарлық ем алды. Ақпан айында тағы бір диагноз қойылды. Медициналық мекеменің басшылығы оған стационарлық ем алу үшін арнайы жабдықтары бар мекемеде ем алу қажеттігін айтады. Сондай-ақ, оған күніне 5-7 шақырым жаяу жүру кеңес берілді. Қамауда отыра беру оның денсаулығына кері әсер етеді", - деді адвокат.

Сондай-ақ, Ысқақованың екінші адвокаты түрме дәрігерлерінің сотталушыға медициналық көмектің басқа түрі қажет екенін айтқанын еске салды.

Сотталушының өзі Гауһар Ысқақова да сотқа тергеу изоляторында отыра алмайтынын айтып, шағымданды.

"Онда өмір сүру өте қиын, дымқыл. Жасым да келіп қалды. Екі жылдан кейін зейнетке шығамын. Жағдайым онша емес. Адвокаттарым айтып өткендей, мен сотқа ешқандай да қысым көрсетпеймін. Мен тек дәрігерлерден дұрыс көмек алғым келеді. Жоспарлы түрде жасалатын ем қабылдау керек. Мен енді жатып ем ала алмаймын, бірақ түрмедегі қызметкерлерден гөрі білікті мамандардан ем алғым келеді", - деді сотталушы Ысқақова.

Прокурор болса, бұлтартпау шарасын қолдануға қарсы шықты. Ал қалған сотталушылар мен адвокаттар, сондай-ақ, зардап шеккен тарап - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ысқақованың адвокаттары айтқан өтінішті қолдады.

Медеу аудандық №2 соттың судьясы Такен Шакиров өтінішті ертеңге дейін қалдырды.

2017 жылдың 9 наурызында Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот отырысы басталған болатын. Сот алдына 9 адам келді: Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссер Талғад Жәнібеков, "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина, "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, "Феникс" фильмінің дайындығы кезінде түсірілім тобын басқарған директор Мәрлен Әбішев, ЖШС өкілі Данияр Маратұлы Әбдіқадыров.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 2 қарашасында қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын. Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол - "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", - делінген еді хабарламада.

Ал кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтаған болатын. 

Тұңғышбай Жаманқұлов түсіруі тиіс болған "Феникс" фильмі не жайлы?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети