20 қазан 2014 15:53

"Жаманшоқы түрмесі" жабылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Әйгілі "Жаманшоқы түрмесі" жабылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа сілтеме жасап.


Әйгілі "Жаманшоқы түрмесі" жабылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа сілтеме жасап.

"Келесі тоқсанның аяғына қарай біз екі колонияны жауып, оңтайландырамыз - "Жаманшоқы түрмесі" мен Қарағанды облысындағы тағы бір колония. Оларда біраз мәселе бар, қазір ондағыларды қайда апару керектігін анықтау керек. Түрме тұрғындарын қысқарту бізге екі колонияны қысқартуға мүмкіндік беріп отыр", - деді Қасымов Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутат Айгүл Соловьеваның сұрағына жауап беріп.

"Жаманшоқы" қашан көшіріледі немесе жабылады? Өйткені сіздер сотталғандарды ғана емес, өз қызметкерлеріңізді де жазалайсыздар ғой", - деді депутат министрге.

"Жаманшоқы түрмесі" деп халық Солтүстік Қазақстан облысындағы Жаманшоқы тауының етегінде орналасқан қатаң режимдегі ЕС-164/4 түзеу мекемесін айтады. 

Уикипедияның мәліметінше, "Жаманшоқы" атауының шығу себебі - XVII-XVIII ғасырларда бұл тауды сауда керуендері мен жолаушыларды тонайтын қарақшылар паналаған. Есіл даласымен өткен саудагерлер Жаманшоқыны сапарларына бағдар ретінде пайдаланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети