04 наурыз 2019 17:38

Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарқын Құсайынов. Жарқын Құсайынов.

Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл қызметке өңірде прокурордың орынбасары болған Жарқын Құсайынов тағайындалды. 


Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл қызметке өңірде прокурордың орынбасары болған Жарқын Құсайынов тағайындалды. 

"Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурордың биыл 1 наурыздағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры лауазымына әділет аға кеңесшісі жарқын Қуанышұлы Құсайынов тағайындалды", - делінген Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Құсайынов Жарқын Қуанышұлы 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған. 

Еңбек жолын Бас прокуратура іс басқармасы кеңсесінің инспекторы лауазымынан бастады (1993). Сондай-ақ, Бас әскери прокуратура басқармасының аға әскери прокуроры, басқарманың аға прокуроры, Алматы қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары болды. Алматы қаласының Медеу, Әуезов аудандары прокурорының орынбасары, Бас прокуратура департаментінің бөлім басшысы қызметтерін атқарды. Алматы прокуратурасы басқармасының басшысы болды. Жамбыл облысы прокурорының орынбасары қызметіне дейін, ол Алматы қаласының Медеу ауданы прокуроры болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети