06 желтоқсан 2019 17:54

Жамбыл облысында 377 елді мекеннің 48 пайызы газдандырылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Жамбыл облысында 53 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылған. Ал, 81 мыңнан аса халық таза ауызсуға қол жеткізген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Биыл Жамбыл облысында 53 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылған. Ал, 81 мыңнан аса халық таза ауызсуға қол жеткізген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Брифингте баяндама жасаған Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтің айтуынша, өңірдегі 377 елді мекеннің 48 пайызы газдандырылған. Мұндағы 841 мың халықтың 53 мыңы ауылішілік газ құбыры бола тұра, газға қосылмағандығы анықталған. Бұл орайда, мәселені түпкілікті шешу мақсатында ауыл тұрғындарына едәуір төмендетілген бағаны ұсынған арнайы лицензиясы бар кәсіпорындар қарастырылып, 53 мың адам толық газбен қамтылған.

"Тараз қаласына қосылған 35 алқапта газдандыру шаралары атқарылып жатыр. Олардың ішінде облыс орталығына қарасты Құмшағал, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма, Жиделі, Шөлдала, "Шалғай Қарасу" елдімекендері және 28 саяжай бар. Жыл соңына дейін оның он бір елді мекені көгілдір отынға қосылатын болады", - деді Мырзахметов.

Ал, облыстағы 377 елді мекеннің 205-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған десек, зерделеу барысында ондағы 130 мың халық су құбыры бола тұра, таза ауыз суға қосылмағандығы белгілі болған. Бұл бағытта нақты шаралар қабылданып, бүгінге дейін оның 82 мыңға жуық тұрғын таза ауыз суға қол жеткізген. Жыл соңына дейін тағы 23 мың халық қосылады деп көзделген. Бұған қоса, жаңадан 16 елді мекенге су құбырлары тартылуда, оның сегіз жобасы ағымдағы жылы іске қосылмақ. Ал 2020 жылы он бір елді мекенге су құбырлары жүргізіледі деп жоспарлануда екен. Қосымша бірыңғай оператор арқылы облыс бюджетінен халық саны 200-ге дейін 49 елді мекенді ауыз сумен қамту көзделіп отыр.

Бұл ғана емес, облыста әлеуметтік мәселелер де оңтайлы жолмен өз шешімін табуда. Нақтырақ айтсақ, бес әлеуметтік бастама аясында облыстағы үш жоғары оқу орны мен үш колледжде жатақхана құрылыстары жоспарланып, бүгінде Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 450 орындық жатақхана қайта жаңғыртылып, Тараз мемлекеттік университетінде 450 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде. Ал, Тараз мемелекеттік педагогикалық университеті 500 орындық, аталған үш колледжге 750 орындық жатақхана салу жоспарлануда.

Асқар Мырзахметов облыстағы ауылдық елдімекендердегі алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлік амбулаториялардың тапшылығы да түбегейлі шешілгендігін баса айтты.

"Денсаулық сақтау саласында бастапқы медициналық нысандармен қамтылмаған 95 елді мекенде екі жылда 95 нысан салынып, мәселе толығымен шешімін тапты. Бұл ретте уақыт пен қаржыны екі-үш есеге дейін үнемдеуге қол жеткізе алдық",-деді облыс басшысы.

Айта кетейік, облыста бюджеттің тиімділігін арттыру үшін арнайы регламент қабылданып, онда салынатын нысандардың құнын оңтайландыру үшін құрылыстың параметрлеріне қатысты талаптар бекітіліпті. Соның нәтижесінде, 134 жобаның құны оңтайландырылып, 11 миллиард теңгені үнемделген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети