17 желтоқсан 2019 14:23

Жамбыл облысында 80 нысан пайдалануға беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының 80 жылдығы және Тәуелсіздік күні мерекесі аясында өңірде 80 нысан ел игілігіне тапсырылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Жамбыл облысының 80 жылдығы және Тәуелсіздік күні мерекесі аясында өңірде 80 нысан ел игілігіне тапсырылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қазақ хандығының алғаш қазығы қағылып, тарихтың темірқазығына айналған Жамбыл облысы 1939 жылы құрылған болатын. Оьлыстың аты қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың құрметіне қойылған.

Қос мереке қарсаңында Тараз қаласынан 9 үй пайдалануға беріліп, 645 отбасы қоныс тойын тойлайды. Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы 120 отбасы баспаналы болады.

Мерейлі мереке күні облыс аумағындағы 41 елді мекенде 41 медициналық, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулатория ашылып, ел игілігіне тапсырылады. Айта кету керек, жүргізілген зерделеу нәтижесі аймақта 95 медициналық нысанның қажеттігін көрсеткен болатын. Оны соғуға кететін 7 жыл уақыт 2 жылға дейін қысқартылып бюджет қаржысы 4,2 миллиардқа үнемделді. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі медициналық- санитарлық ұйымдарға деген қажеттілік жыл соңына дейін 100 пайыз өз шешімін табатын болады.
Сондай-ақ, аймақтағы Абай, Мойынқұм, Әлжан ана, Қарасаз ауылдарында сумен қамту жүйесі іске қосылып, ауыз су берілмек.

Тараз, Қаратау қалалары мен Көктал, Үшарал, Қарабастау ауылында спорт алаңдары мен аула клубтары пайдалануға беріледі.

Облыста бұрын соңды болмаған бірегей жоба, Т.Рысқұлов ауданының Жарлысу ауылында ата-баба дәстүрін жалғастырушы "Шаушен" ШҚ қымызбен емдеу орталығының жанынан 50 адамға арналған сауықтыру кешені іске қосылады. Қорыта айтсақ, мерейлі мерекеде тек той тойлау емес,қасиетті әулиеата өңірі тұрғындарының тұрмыстық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға басымдық беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети