12 сәуір 2016 10:39

Жамбыл облысында әжетханаға тасталған сәбиді әжесі алғысы келіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Жамбыл облысында әжетханаға тасталған төрт айлық Жансаяның әжесі оны өз асырауына алғысы келіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Үміт" сәбилер үйінің бас дәрігері Айжан Жақсымбетоваға сілтеме жасап.


Жамбыл облысында әжетханаға тасталған төрт айлық Жансаяның әжесі оны өз асырауына алғысы келіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Үміт" сәбилер үйінің бас дәрігері Айжан Жақсымбетоваға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қамқоршылық кеңестің шешіміне дейін Жансая сәбилер үйінде болады. "Әзірше сәби осында болады. Қамқоршылық кеңес шешім қабылдағаннан кейін оның кімге берілетіні белгілі болады. Оны әжесіне де беруі мүмкін, себебі ол сәбиден бас тартып отырған жоқ. Жансая бізде болған төрт айда әжесі келіп жүрді, ол оны алып кеткісі келеді, ол болған іске қатты өкінеді. Әйел 44 жаста және ол қызды алуға дайын", - деді Жақсымбетова. Сонымен қатар, бас дәрігердің айтуынша, сәбидің жағдайы жақсы, ол өз жасына сәйкес дамып жатыр, күледі екен.

Айта кетейік, осыған дейін өзінің сәбиін әжетханаға тастаған 21 жастағы келіншек бір жарым жылға сотталғаны хабарланған еді. "Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы бойынша ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") айыпты деп танылды. Сот оны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырады, ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді", - деп оқыды үкімді судья Ғазиз Аманбаев. Айта кетейік, қыз сот залында қамауға алынды. Оны ата-ана құқығынан айыру басқа сот өндірісінде шешіледі.


© Tengrinews.kz

Еске салайық, оқиға 2016 жылдың 3 қаңтарында болған еді. Абай ауылының маңындағы жолдың жиегіндегі қоғамдық әжетханадан тірі сәби табылған. Сәби онда бір сағат бойы жатып қалған, оны жүргізушілер көріп қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети