31 наурыз 2016 13:27

Жамбыл облысында алты жасар баланың өліміне қатысты атышулы істі тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылында алты жасар баланы өлтіру ісіне қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының судьясына сілтеме жасап.


Жамбыл облысындағы Бурыл ауылында алты жасар баланы өлтіру ісіне қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының судьясына сілтеме жасап.

"Алдын ала сот тыңдауы 7 сәуірге белгіленді. Себебі күдікті қылмысты жасау сәтінде кәмелет жасына толмаған еді, осы бап бойынша ең ауыр жаза 12 жылға бас бостандығынан айыруды қарастырады. Сот тыңдауының қайда өтетіні әзірше белгісіз", - деді Жамбыл облыстық сотының судьясы Азамат Тілепов.

Еске салайық, 2016 жылы 15 ақпанда сағат 17.00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жекеменшік үйден кәмелеттік жасқа толмаған Дүйсенбек А. С. есімді баланың денесі табылған болатын. Денеден зорлық белгілері анықталды. Осы дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы - "Кәмелетке толмағандығы белгілі баланы өлтіру" бойынша тергеу амалдары басталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети