07 қараша 2017 14:34

Жамбыл облысында ауылға Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының есімі берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев анасымен бірге. © akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев анасымен бірге. © akorda.kz

Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс шақырылған 16-шы сессиясында Қордай ауданындағы ауылға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы Әлжан ананың есімі берілді, - деп хабарлайды Jambyl телеарнасы. Ауыл осыған дейін Қасық деп аталып келген.

Телеарнаның мәліметінше, депутаттар мұны бірауыздан қолдады. Себебі Әлжан ана - Қазақстан Республикасының тұңғыш президентін дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Сондықтан халық қалаулылары да бұл игі бастаманы барша аналарымызға деген құрметтің белгісі деп білді.

"Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасымен сәйкес келіп отыр. Жамбыл облысында айтулы азаматшалар ғұмыр кешкен. Әйел адамдардың орны ерекше..", - деді Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Масат Берік.

"Кез-келген мемлекеттің ұлттық құндылықтары әйел баласын құрметтеуден басталады. Бұл кісінің атына берілген ауылдың көркемдік сипаты ерекше әдемі болу керек. Алтын құрсақты анаға деген құрметті біз қолдацмыз. Өте орынды...", - деді Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Төлепберген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети