27 желтоқсан 2018 18:23

Жамбыл облысында БАҚ өкілдеріне кәсіпорындардың қызметі көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 27 жетоқсанда Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі журналистерге арнап баспасөз турын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін, 27 жетоқсанда Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі журналистерге арнап баспасөз турын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистерге тур барысында үш нысанның қызметі таныстырылды. Оның біріншісі - Меркі қант зауыты. Биыл 85 жылдығын тойлап жатқан Жамбыл облысындағы ең көне, ең ірі өндіріс орындарының бірі. 

560 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жұмыс қайнап жатыр, өйткені қызылшаны күзде жинап алған.

Тағы бір нысан - Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту жəне бейімдеу орталығы. Облыстық бюджеттен қаржыландырылып, Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған.

Ауданда 2 мыңның үстінде мүмкіндігі шектеулі бала бар екен. Солардың ішінде 300-ден астамы осы мекеменің қызметіне мұқтаж. 

Қазір мекемеде 25 бала емделіп жатыр, 2 аптаның ішінде ата-аналар тарапынан қолдау тауыпты. Балалар əріп танып, тақпақ жаттап үлгерген. Енді алты айдың ішінде нәтижесіне көңіл аударып, мекеме кеңейе түспек. 40 балаға дейін қабылдауға мүмкіндік бар.

Бұдан кейін БАҚ өкілдері Луговойдағы "Рельсдəнекерлеу" кәсіпорнына барды.

Мұндай кәсіпорындар Қазақстанда небәрі үшеу ғана екен. Оның біреуі Ақтөбе қаласындағы жеке кəсіпорын. 

Бұрын рельсті тек Ресейден алып келсек, енді өз өнімімізді пайдаланып жатырмыз. Мұнда жылына 257 шақырым шойын жолды "дəнекерлеп" шығарады екен. 

Негізгі өнім - Ақтөбеден, ол жақтан 25, 50, 100 метрлік рельстер осында келіп, оны тұтастай 800 метрлік етеді. 

Бұл отандық пойыздардың жылдамдығын арттыруға, теміржол қозғалысының сапасын арттыруға үлкен септігін тигізіп отыр. Кәсіпорын өнімі сұранысқа ие.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети