20 ақпан 2017 16:41

Жамбыл облысында бір жасар қызын зейнеткерлерге тастап кеткен әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында бір жасар қызын зейнеткерлерге тастап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында бір жасар қызын зейнеткерлерге тастап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Меркі аудандық ІІБ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2017 жылдың 18 ақпанында бір жасар сәбидің анасы - Меркінің 34 жастағы тұрғыны табылып, Меркі аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Ол қаладан шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлігі бойынша ("Қауiптi жағдайда қалдыру") тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мерке ауданындағы ауыл тұрғындарының бірінің үйінің алдынан бір жасар қызды тауып алғаны хабарланған болатын. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, егде жастағы ерлі-зайыпты қызды 2017 жылдың 15 ақпанында тауып алған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Зере деген есімге дыбыс берген қызды көрген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети