Жамбыл облысында дауылға байланысты ескерту жарияланды

30 Мамыр 2017, 10:57
0
Жамбыл облысында дауылға байланысты ескерту жарияланды -

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті дауылға байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкес, өңірде тағы да қатты дауыл болуы мүмкін.

"Қазгидромет" мамандарының ескертуіне сәйкес, 30 мамырда Жамбыл облысында жауын-шашын мен бұршақ күтіледі. Сондай-ақ, оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығыс желіне өтіп, кейбір аумақтарда жылдамдығы секундына 23-28 метрге жететін жел болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше, 29 мамырда Таразда қатты дауыл тұрып, екі адамның опат болғаны жайлы хабарланған болатын. "13-ші ықшамаудан. Жел тұрған кезде баған құрылысшылардың үстіне құлаған. Екі адам қаза тапты. Қолайсыз ауа райында сақ болыңыздар, тараздықтар", - деп пікір жазған еді @tip_taraz деген қолданушы.

Ал кейінірек бұрын-соңды болмаған дауылдан тағы бірнеше адамның зардап шеккені хабарланды. Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі әйел мен бір бала зардап шеккен. Желдің жылдамдығы секундына 27 метрге дейін жеткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай