17 ақпан 2016 22:08

Жамбыл облысында жергілікті қауым ақсақалдары қайғылы оқиғаға байланысты кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бурыл ауылы имамының орынбасары Жамисар Қожа Бурыл ауылы имамының орынбасары Жамисар Қожа

Түрік бірлестігінің өкілдері Жамбыл облысында қайтыс болған жасөспірімнің жанұясынан кешірім сұрап, оны өлтірді делінген күдіктінің ісін сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Түрік бірлестігінің өкілдері Жамбыл облысында қайтыс болған жасөспірімнің жанұясынан кешірім сұрап, оны өлтірді делінген күдіктінің ісін сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Түрік бірлестігінің жетекшісі Давришев, Бурыл ауылы имамының орынбасары Жамисар Қожа (түрік ұлтының өкілі), Омад Басадов (Бурыл ауылының этномәдени бірлестігінің жетекшісі) және Қазақстан халқы ассамблеясы кінәлілерді жазалауды сұрады және қаза болған баланың отбасына материалдық көмек көрсетуге уәде беріп отыр. 

Ақсақалдар адам өлтірді делінген күдіктінің үйін баланың туыстарына беру туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, түрік диаспорасы жерлеу рәсімін өткізу бойынша шығындарды өтеп беретінін айтып отыр. 

Жамбыл облыстық ІІД тонау кезінде өлген бала туралы істі тергеп жатыр. 2016 жылы 15 ақпанда сағат 17.00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жекеменшік үйден кәмелеттік жасқа толмаған Дүйсенбек А. С. есімді баланың денесі табылған. Денеден зорлық белгілері анықталды. Осы дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы - "Кәмелетке толмағандығы белгілі баланы өлтіру" бойынша тергеу амалдары басталды. "Қылмыс қаза тапқан баланың отбасының дүние-мүлкін тонаумен байланысты, яғни тұрмыстық сипатта болған. Осы іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жергілікті халықтың алаңдаушылық білдіруіне байланысты, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары қызметкерлері жиын өткізіп, тергеу барысында жиналған ақпаратты бөлісті", - делінген полиция хабарламасында.

ІІД өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 16 ақпанында осы іске қатысы бар деген күдікпен К. есімді ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол кінәсін мойындады.

Жамбыл облысындағы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Елді мекенде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бойынша шаралар күшейтілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети