23 қыркүйек 2017 10:03

Жамбыл облысында мал жаппай қырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. Көрнекі сурет.

Жамбыл облысында мал жаппай қырылып жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Жамбыл облысында мал жаппай қырылып жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, үш күннің ішінде кәріз суы жиналған көлден су ішкен 11 бас жылқы мен 11 қой өлген. Шаруалар малдың арам қатуын жақын маңдағы өндіріс орнынан көріп отыр. Айтуынша, сол Натрий-Цианид зауыты химиялық қалдықтарын осында төгеді екен.

"Орталық канализация бар қаладан келетін. Соған келіп қосылған. Суларын соған жібереді. Тазаламайды- ау деймін. Сонымен цианид мында кетіп жатыр, содан өлді деп ойлаймыз енді", - дейді Қаратау қаласының тұрғыны Серікбай Бапахов.

Сондай-ақ, телеарна мәліметінше, аудан басшылары бұл жағдайға қатысты жарытып жауап бере алмады. Тіпті, барынан айырылған шаруаларға шығын көлемі өтелер, өтелмесі де белгісіз. 

"Біз енді судан өлген деп отырмыз. Әзірге растай алмаймыз, бұл біздің күдігіміз. Әзірге лабараторияның қорытындысы келгенше нақты жауап айта алмаймыз", - деді Талас аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Берік Қаратаев.

КТК мәліметінше, осыдан бір жарым ай бұрын осы көлден су ішкен 4 бас жылқы арам қатқан. Ал екі күн бұрын тағы бір шаруаның 11 бас қойы өлген. Жұрттың айтуынша, содан кейін тексеру жүргізген мамандар, малдың жаппай өлу себебін анықтай алмаған. Осы деректен соң мал дәрігерлері тағы да сараптама тағайындады. Ал шаруалар бұл оқиға да жабулы қазан күйінде қала ма деп қорқып отыр. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети