19 ақпан 2016 17:33

Жамбыл облысында өлтірілген баланың ата-анасы ұсынылған үйді алудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өлтірілген баланың отбасына ұсынылған үй. © Tengrinews.kz Өлтірілген баланың отбасына ұсынылған үй. © Tengrinews.kz

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылында өлтірілген баланың ата-анасы жергілікті түрік бірлестігінің өкілдері ұсынған үйді алудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов хабарлады.


Жамбыл облысындағы Бурыл ауылында өлтірілген баланың ата-анасы жергілікті түрік бірлестігінің өкілдері ұсынған үйді алудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов хабарлады.

Әкімнің орынбасары ақсақалдардың кешірім сұрап, қаза болған баланың отбасына үй ұсынғанын айтты. "Алайда баланың ата-анасы бас тартты. Негізінде, оларды ешкім бұл үйді ал деп міндеттей алмайды. Бірақ тілектестік ниеттен барлық шараны, жерлеу рәсіміндегі шығынды өтеп беруді сұрағандарын білемін, мен өзім куә болдым. Бүгінде отбасы үйден бас тартты, бұл олардың еркі", - деді Манжуов.


Өлтірілген баланың отбасы тұратын үй. © Tengrinews.kz

Жамбыл облыстық ІІД тонау кезінде өлген бала туралы істі тергеп жатыр. 2016 жылы 15 ақпанда сағат 17.00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жекеменшік үйден кәмелеттік жасқа толмаған Дүйсенбек А. С. есімді баланың денесі табылған. Денеден зорлық белгілері анықталған.


© Tengrinews.kz

Осы дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы - "Кәмелетке толмағандығы белгілі баланы өлтіру" бойынша тергеу амалдары басталды. "Қылмыс қаза тапқан баланың отбасының дүние-мүлкін тонаумен байланысты, яғни тұрмыстық сипатта болған. Осы іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жергілікті халықтың алаңдаушылық білдіруіне байланысты, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары қызметкерлері жиын өткізіп, тергеу барысында жиналған ақпаратты бөлісті", - делінген полиция хабарламасында.

ІІД өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 16 ақпанында осы іске қатысы бар деген күдікпен К. есімді ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол кінәсін мойындады.

Кейін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жағдайға қатысты түсінік берген еді. "Қазір жағдай қалпына келтірілді. Меніңше, диаспоралар мен жергілікті билік түсіндіру жұмыстарын жүргізді, әкімдік пен құқық қорғау органдары шара қолданып жатыр. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды. Бізде ұлттық ұланымыз бар, ол күшейтілген нұсқаға өтті. Күдіктіге күзет қойылды. Бүгін оны қамау туралы мәселе шешіледі. (...) Барлығы бақылауда, ол жақта ешқандай да режим енгізген жоқпыз", - деп хабарлады ІІМ басшысы. 

Қазірде күдікті қамауда отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети