28 ақпан 2017 18:31

Жамбыл облысында шенеунік білім бөлімінің басшысын қорқытқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© press.lv © press.lv

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті "А" корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілін теріс пайдалану деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті "А" корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілін теріс пайдалану деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі Кеңесінің отырысында Жамбыл облысы бойынша ревизиялық комиссия төрағасы М.Байбековке қатысты іс қаралды.

"Бұл істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті қозғаған. Осыған дейін антикоррупциялық қызмет Жамбыл облысы бойынша ревизиялық комиссияның қызметшісін 4 500 000 теңге көлеміндегі параның қалған 1 500 000 теңгесін алып жатқан жерінен ұстаған болатын. Антикоррупциялық қызмет өткізген жедел шаралар барысында М.Байбековтің осы көрсетілген қылмысқа қатысы дәлелденбеді. Алайда, осы қылмыстық істі тергеудің қорытындысы бойынша ревизиялық комиссияның төрағасы М.Байбековке қатысты материалдар Жамбыл облысы бойынша Әдеп жөніндегі Кеңеске жолданған, себебі оның әрекетінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіп белгілері анықталған", - делінген хабарламада.

Осылайша, жедел шаралар барысында М.Байбековтің Талас аудандық білім бөлімінің жетекшісі К.Қожатаевамен телефон арқылы сөйлескені тіркелген. Осы әңгіме барысында ревизиялық комссияның төрағасы қызметтік өкілін пайдалана отырып, К.Қожатаеваға өзінің келіні А.Кертаеваның оқу сағаттарын көбейту туралы тапсырма берген. Келіні А.Кертаева Талас аудандық Ш.Смаханұлы атындағы мектепте жұмыс істейді. Байбеков Қожатаеваға осы тапсырманы орындамаса, шара қолданатынын айтқан.

Өткізілген қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша, осы аталған деректер расталған.

Осы аталған жағдайларды қарап шыққан Әдеп жөніндегі кеңес Жамбыл облыстық мәслихатының ревизиялық комиссиясының төрағасы М.Байбековтің әрекетінде мемлекеттік қызметке кір келтіреді деген шешім шығарып, толық емес қызметтік сәйкессіздік түріндегі ескерту жасау туралы кеңес берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети