Жамбыл облысындағы қайғылы оқиға "Қызметке салғырт қарау" бабы бойынша тергеліп жатыр

20 Ақпан 2017, 16:20
0
Жамбыл облысындағы қайғылы оқиға "Қызметке салғырт қарау" бабы бойынша тергеліп жатыр -

Жамбыл облысында қаза тапқан әскерилердің өліміне қатысты "Қызметке салғырт қарау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Қорғаныс министрлігінің 91678 әскери бөліміндегі жеті әскеридің жаттығу кезінде қар көшкінінен қаза табуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі бойынша ("Қызметке салғырт қарау", "Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет") сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша ҚР Бас әскери прокуратурасының арнайы прокурорының басшылығымен жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

17 ақпанда болған қайғылы оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар. Сондай-ақ, осыған дейін қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің есімдері белгілі болған еді.  

Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын."Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған", - деген еді ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Ал кейінірек Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алатыны хабарланған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай