03 тамыз 2019 14:11

Жамбыл облысының полицейлері жол үстінде жүкті әйелді босандырып алды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram/Zhambyl_police Instagram/Zhambyl_police

Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматы-Ташкент тас жолында жүкті әйелді босандырып алды. Ерлі-зайыптының көлігі бұзылып, ауруханаға жете алмаған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

2 тамызда ерлі-зайыпты Қордай аудандық перзентханасына жолға шыққан, алайда Алматы-Ташкент тасжолының 183-ші километрінде көліктері бұзылып, жол ортасында тоқтауға мәжбүр болған.

Осы кезде Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының офицерлері кетіп бара жатқан. Қызметтік көліктегі полиция қызметкерлері жүкті келіншек пен оның күйеуін перзентханаға жеткізіп салмақ болады, бірақ оған жете алмаған - жолда әйелдің толғағы басталған.

"Полиция қызметкерлерінің көмегімен қызметтік көліктің салонында ер бала дүниеге келді", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Көп ұзамай жедел жәрдем бригадасы келіп, ана мен баланы перзентханаға жеткізді.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети