14 наурыз 2014 17:01

"Жан жылуы" қайырымдылық концертін өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Аlashainasy.kz Фото Аlashainasy.kz

Бүгін Астанадағы "Қазақстан" орталық концерт залында "Қазақстан" ұлттық телеарнасының ұйымдастыруымен "Жан жылуы" бағдарламасының эфирге шыққанына 5 жыл толуына орай қайырымдылық концерті өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлыстың ұлы күні, Наурыз – адамдарды татуластыратын, қайырымдылық жасайтын, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беретін ұлық мереке. Осы мейрам қарсаңында "Қазақстан" ұлттық телеарнасы "Жан жылуы" бағдарламасының 5 жылдық жұмысын қорытындылап, қайырымдылық концертін өткізуді қолға алып отыр", - делінген баспасөз баянында. Концертке бағдарламаның арқасында өмірі үлкен өзгерістермен өрілген кейіпкерлер қатысады. Олардың күрделі тағдырынан сыр шертетін бейнекөріністер көрсетіледі. Қонақ ретінде белгілі қоғам қайраткерлері, депутаттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек берген демеушілер, БАҚ өкілдері, өнер жұлдыздары қатыспақ. Кеш соңында көмекке мұқтаж бүлдіршінге қайырымдылық шарасы жасалады. Еске сала кетейік, "Жан жылуы" бағдарламасының көмегімен жетімдер үйінен 20 бала жаңа отбасын тапқан болатын. 13 бала шет елде ем алып, үйсіз 8 отбасы жаңа баспағана ие болды. .

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети