Жаңа агенттікте бұрынғы қаржы полицейлерінің 20 пайызы ғана қалады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бұрынғы қаржы полицейлерінің 20 пайызы ғана жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бұрынғы қаржы полицейлерінің 20 пайызы ғана жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мамандарды іріктеуді қалай жүзеге асырамыз? Біздің органда бұрынғы қаржы полициясы құрамынан тек 20 пайыз ғана қалады. 20 пайыз, оның өзін қалдыруға мәжбүр болдық, мен олар нашар жұмыс істеді дегім келмейді. Бұл сондай өзгеріс. Бізде өндірісте қылмыстық істер бар, қамауда отырған адамдар бар. Қайта құрылымдау кезінде біз олардың конституциялық құқығының бұзылуына бір күн де жол бермеуіміз керек. Екіншіден, органға қабылданатын жас қызметкерлерге практикалық тәжірибені беру қажет", - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Парламент Мәжілісі депутаттарының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы заң жобасына қатысты сұрақтарына жауап беріп.

Қожамжаров қызметке үміткерлердің тестілеуден, соның ішінде, полграфтан өткізілетінін айтты.

"Біз кешенді түрде бағалайтын боламыз. Психологтер жұмылдырылатын болады, полграфтың көмегімен бір сұрақ қойылады: органға қандай мақсатпен келді: мемлекетке, қоғамға, халыққа қызмет ету үшін немесе басқа да заңсыз нәрселер үшін? Бұл маңызды жайттардың бірі болады. Сынақ әділ өтуі үшін біз депутаттарды, БАҚ өкілдерін шақырамыз, олар бұл процестің қаншалықты объективті әрі айқын екенін көріп, түсінуі керек", - деді Қожамжаров.

Бұған дейін Tengrinews.kz бұрынғы қаржы полицейлерінің біразы жұмыссыз қалатынын хабарлаған еді. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer