09 қараша 2017 12:34

Жаңа дүниенің бәрі үнемі бөгет болып көрінеді - Байбектің әлеуметтік желідегі сынға жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ілгері даму үшін орын босату керек, ал бұл әрдайым ауыр. Алматы әкімі Бауыржан Байбек әлеуметтік желідегі сынға жауап ретінде осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ілгері даму үшін орын босату керек, ал бұл әрдайым ауыр. Алматы әкімі Бауыржан Байбек әлеуметтік желідегі сынға жауап ретінде осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Биыл сын көп болды - қазылмаған жер қалған жоқ, бірақ, біз түсіндірдік: үш ай шыдаңыздар, есесіне 5-10 жыл осы көшелермен емін-еркін жүресіздер деп. Солай болды да. Жоба іске асырыла бастағанда тұрғындардың барлығы бұған бір жақты қарады. Әлеуметтік желілерде, кей БАҚ беттерінде сын айтылып жатты. Бірақ адам тепе-теңдікті тауып, бейімделеді. Жаңа дүниенің бәрі үнемі бөгет болып көрінеді. Ілгерілеу үшін орынды босату керек, ал бұл үнемі қиындық тудырады", - дейді қала басшысы ОКҚ-дағы брифинг кезінде. 

Оның айтуынша, қазір бұл орындар Панфилов көшесін қоса алғанда, алматылықтардың сүйікті демалыс орындарына айналған. 

"Әкімдік тұрғындардың пікірін сұрамайды дейді. Бірақ біз мұны екі жыл бұрын талқыға салғанда, мұны бәрі назарды бұру деп қабылдаған болатын. Мен бәріне айтамын "Алматы - 2020" бағдарламасын оқыңыздар, онда 100 индикатор көрсетілген. Істеп жатқанымыздың бәрі сонда жазылған, біз тек орындап жатырмыз", - дейді Байбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети