26 қараша 2018 14:17

Жаңа энергетика вице-министрі тағайындалуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Энергетика министрлігіндегі жұмысы мен жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жаңа энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Энергетика министрлігіндегі жұмысы мен жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 26 қарашада Сұңғат Есімханов алғашқы баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. Журналистер одан "Осы қызметке тағайындалғанға дейін арнайы тексерістен өтті ме, жоқ па?" деген сауал қойды.

Вице-министр стандартты процедуралардың өткенін және үкіметтің қаулысымен тағайындалғанын айтты.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері оны жайсыз қырынан көрсететін жағдайлар болды ма, жоқ па - сол жайлы сұрады.

"Энергетика саласы тұрақты жұмыс істеп жатыр. Жайсыз қырымнан көрсететін жағдайлар болмағанына сенімдімін, жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз", - деп жауап берді вице-министр.

Еске сала кетейік, мұның алдында Сұңғат Есімхановтың энергетика вице-министрі болып тағайындалғаны хабарланған еді. Оған дейін бұл қызметті Анатолий Шкарупа болған еді.

Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақша жымқырды деп айыптаған болатын. "Таяуда тағайындалған вице-министр Анатолий Шкарупаға заң тұрғысынан қатаң айып бар, Саран қаласының бұрынғы әкімі (Қарағанды облысы - авт.). Оның 2015 жылы орталық жылытуы жоқ Саран қаласына есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар", - деген еді Қожамжаров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети