06 маусым 2017 11:55

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жәрдемақысы өседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы тағайындау рәсімін едәуір жеңілдетіп, оны алушыларды барынша қамтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды primeminister.kz

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) қазіргі қолданыстағы жәрдемақылардың үш түрін алмастырады, осылайша жәрдемақыны алуға қажетті құжаттардың санын айтарлықтай қысқартады. АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке бөлінген.

Шартсыз көмек еңбекке жарамды мүшелері жоқ барлық отбасыларға (мысалға, мүгедектер немесе зейнеткерлер отбасыларына), немесе еңбекке жарамды мүшелері дәлелді себептер бойынша жұмысқа араласа алмайтын отбасыларға (мысалға, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты аналарға) беріледі. Осындай отбасыларға жәрдемақыны алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек отбасында кем дегенде бір еңбекке жарамды мүшесі бар отбасыларға әлеуметтік келісімшартқа қол қойып, отбасының еңбекке жарамды барлық мүшесі жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан кезде беріледі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, әлеуметтік көмек жүйесіндегі реформа нәтижесінде жаңа форматтағы АӘК-тің әрбір алушысы үшін жәрдемақы сомасы 2018 жылы орташа есеппен 25%-ға ұлғайтылады.

Әлеуметтік көмек алу ережелеріне енгізілген өзгерістерге халықты дайындау үшін еліміздің үш өңірінде 2014 жылдан бастап пилоттық режимде "Өрлеу" жобасы іске асырылған. Бағдарламаға шамамен 79 мың азамат қатысқан, олардың 19 мыңға жуығы еңбекпен қамтылған.

Өңірлерде пилоттық жобаны жүзеге асыру мен жұмыспен қамту шаралары туралы Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдері М. Мырзалин мен К. Көкірекбаев баяндады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети