19 желтоқсан 2014 16:24

Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша жолаушылар пойыздары қатынайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі ©"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

"Жолаушылар тасымалы" АҚ ("Қазақстан темір жолы" ҰК еншілес кәсіпорны) қысқы мерекелер қарсаңында бірреттік қосымша жолаушылар пойыздарын тағайындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


"Жолаушылар тасымалы" АҚ ("Қазақстан темір жолы" ҰК еншілес кәсіпорны) қысқы мерекелер қарсаңында бірреттік қосымша жолаушылар пойыздарын тағайындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

26 және 30 желтоқсан күндері №61/62 Алматы-2 – Арыс-1 және Алматы-2 мен Арыс бағытында қосымша жолаушылар пойызы қатынайтын болды. 27 желтоқсанда Алматыдан Көкшетауға №151/152 жолаушылар пойызы қатынап, Көкшетаудан кері қарай 29 желтоқсанда шығады. Сонымен бірге, №153/154 Астана - Қостанай пойызы 29 желтоқсан күні шығып, кері қарай 30 желтоқсанда қатынайды. 

29 және 30 желтоқсан күндері Астанадан Арысқа және Арыстан Астанаға қарай №156/155 жолаушылар пойызы жүретін болады. 27 және 29 желтоқсан күндері №501/502 Маңғышлақ - Бейнеу және 28, 30 желтоқсан күндері Бейнеу - Маңғышлақ пойыздары қатынайды. 

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сондай-ақ қосымша халықаралық жолаушылар пойыздары да жүретін болады. Бағыттардың жаңа кестесін жасауда компания жолаушылардың сұранысын қанағаттандыруды ескерген. 

№325/326 Новосібір - Алматы пойызы 27, 29 желтоқсанда, 2015 жылдың 3, 5, 7 қаңтарында қатынайды және Алматыдан кері қарай 29, 31 желтоқсан күндері және 2015 жылдың 5, 7, 9 қаңтарында жүретін болады. Барлығы бес рейс жасалады. 

№371/372 Новокузнецк - Қарағанды пойызы 26, 30 желтоқсан күндері және 2015 жылдың 4, 8 қаңтарында қатынайтын болады, Қарағандыдан 28 желтоқсан күні және 2015 жылдың 1, 6, 10 қаңтары күндері жүретін болады, барлығы - төрт рейс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети