26 желтоқсан 2016 15:46

Жаңа жыл түні астаналықтарды не күтіп тұр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы жаңажылдық түнде тұрғындарды не күтіп тұрғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы жаңажылдық түнде тұрғындарды не күтіп тұрғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство мәліметінше, отшашулар елорданың үш ауданында жарқырайды: "Хан Шатыр" СО маңында, Есіл өзенінің бойында, сонымен қатар, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшелерінің қиылысында. 

Сондай-ақ Астана тұрғындары мен қонақтарына мерекелік бағдарлама әзірленген. Сағат 21.00-ден 03.00-ге дейін "Хан Шатыр" СО мұз қалашығында және қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда 2017 жылды көңілді қарсы алуға келген барлық көрермендер үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары концерт ұйымдастырады. 

 "Жаңажылдық кеште ашық алаңдарда Айқын Төлепберген, Әли Оқапов, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтар, "Орда" тобы, "Дабыл" тобы және тағы басқа әншілер өнер көрсетеді", - деді Мәдениет басқармасындағылар. 

Айта кетейік, Астанада 17 шырша бой көтеріп, төрт мұз қалашығы салынған. Сонымен қатар, Мәдениет басқармасындағылар жаңажылдық таңертеңгіліктерге қанша қаражат жұмсалатынын айтты. Астанадағы жаңажылдық шыршаны қалай әзірлегенін мына жерден көруге болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети