Жаңа жылды қалай қарсы алу керек: астрологтар мен дизайнерлерден кеңес

31 Желтоқсан 2017, 11:02
0
Жаңа жылды қалай қарсы алу керек: астрологтар мен дизайнерлерден кеңес - Иллюстрация © strategy2050.kz
Иллюстрация © strategy2050.kz

Жаңа жылдың басталуына аз ғана уақыт қалды. Әр үйде дайындық. Туыстарға не сыйлауға болады? Мерекелік дастарханды қалай жаюға болады? Не кием және жаңа жылда не күтіп тұр? Бұл сұрақтардың жауабын "Хабар24" телеарнасына астрологтар мен дизайнерлер берді.

Келер жыл - ит жылы. Жануарлар - мейірімді әрі адал, шынайылық пен адалдықты бағалайды. Мысалы, астрологтар 2018 жыл тыныш әрі тұрақты болады деп есептейді. Сондай-ақ, отбасын құрамын дегендер үшін де қолайлы жыл болмақ.

"Келер жыл әрдайым үйдегідей жылы, отбасыға арналған әрі жайлы болмақ. Сонымен қатар, отбасы келер жылдың символы болады. Сондықтан астрологтың болжамы: отбасын құрмағандардың көбі келер жылы отбасылы болады, үйленгендер болса балалы болады. Келер жыл достыққа толы болмақ", - деді астролог Оксана Дарьина.

Сыйлық таңдағанда үйге керекті заттарға көбірек мән берген абзал. Ол дайын зат бола ма, қолдан жасалған ба маңызды емес. Қандай сый болса да, ең бастысы - жаныңды салу.

Мерекелік дастархансыз Жаңа жыл бола ма? Әркім оны өзінше ерекше етіп әзірлейді. Бәрімізге белгілі, келер жылдың символы етті өте қатты жақсы көреді. Сондықтан дастарханның мол әрі қарапайым, бірақ тойымды тағамдарға толы болғаны дұрыс. Тамақ ерекше рецептпен дайындалған ет бола ма, қарапайым ыстық тамақ бола ма, маңызды емес.

Дизайнерлер табиғи реңге көбірек назар аударуға кеңес береді, себебі жаңа жыл символының түсі сары, қара, қоңыр және алтын түстес.

"Қазір бүкіл әлемде тренд пайда болды, алайда ол қазақтарда баяғыдан бар, - ол барқыттан жасалған бұйымдар. Жыртық немесе көнетоз джинсылар сәннен қалды, деним стиліндегі заттар модаға қайта келді", - деді дизайнер Аида Қауменова.

Жаңа жыл шыршасын безендіргенде бірден көп түстерді қолданудың қажеті жоқ. Жылдың символына тыныштық пен байсалдылық тән, сондықтан кеңістікті көп дүниемен тарылтудың керегі шамалы. Шырша ойыншықтарының қызыл, күміс түстес және сары түстілерін таңдаған дұрыс. Ит жайлылықты бағалайды, сондықтан жылдың басты түнін үйде немесе туыстарға қонаққа барып өткізген абзал.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі астролог Тамара Глоба 2018 жылы Қазақстанда ауқымды өзгерістердің болатынын болжаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай