Жаңа министр Сағынтаевқа азық-түлік бағасы бойынша есеп берді

09 Қаңтар 2017, 10:58
0
Жаңа министр Сағынтаевқа азық-түлік бағасы бойынша есеп берді - Тимур Сүлейменов
Тимур Сүлейменов

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Бақытжан Сағынтаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Онда ведомствоаралық жұмыс тобының күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеуге қатысты іс-шаралары, сондай-ақ өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысы және сауда орындарын отандық азық-түлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. 

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды және монополияға қарсы заңдылықтың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Еске сала кетейік, Тимур Сүлейменов 28 желтоқсанда ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай