Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өзінің тағайыдалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өзінің тағайыдалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа министр тағайындалғанына қуанышты екенін айтты. Сондай-ақ, ол жаңа министрлер тапсырылған жұмысты атқара алмайды деген пікірге қатысты көзқарасын білдірді.
"Біріншіден өзімді жаспын дей алмаймын. Десе де, білесіздер ме, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жастық кезеңін 50 жасқа дейін көтерген, сондықтан министрлер кабинетіндегі барлығы жас саналады, ойлап көрсек", - деді Сүлейменов Мәжілістің үзілісінде.
Министр жұмыс тәжірибесі жайлы айтып берді. "Менің ойымша, қалыпты маманмын, 22 жасында шықтым, енді 39-ға толамын, 17 жылдық еңбек тәжірибесі бар адамды жас деуге келмес. Барлығы да жеке адамға байланысты. тәжірибе де, ой жаңашылдығы да бар. Осы жастағы министрлер Тәуелсіздік кезеңінде өсіп, жетілді - олардың көзқарасы қазақстандық болып саналады. Қазіргі заманда мүмкін біз кейбір мәселелерді оңай қабылдайтын шығармыз", - деді ол.
Сонымен қатар, журналистер оған "Ведомствоның бұрынғы екі басшысының даумен кеткені үшін қорықпайсыз ба?" деген сұрақ қойды.
"Бұл өте күрделі жеке сұрақ. Бұған дейін кімнің болғаны маңызды емес деп ойлаймын. Өзің жақсы жұмыс істеп, тапсырманы жауапкершілікпен атқару керек, қызметкерлерге, қоғамға, азаматтарға адал болу керек, сонда барлығы жақсы болады", - деді ҚР ҰЭМ басшысы.