04 наурыз 2014 17:41

Жаңа заң сот орындаушыларының жұмысына жан бітірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©lada.kz сайтынан алынды Фото ©lada.kz сайтынан алынды

"Атқару өндірісін жетілдіру туралы" заң қолданысқа енгелі бері сот орындаушыларының жұмысында тың серпіліс пайда болды. Мұны әкімшілік жауапкершілікке тартылған борышкерлер қатарының көбеюі айқын көрсетіп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы кезге дейін қордаланған қарызын қайтарудан жалтарып келген борышкерлер сот орындаушысының талаптарына да жүрдім бардым қараған. Мәселен, О. есімді азамат соңғы алты жылдан бері балаларына алимент төлемей келген. Қарыз көлемі 651 249 теңге сомасына жеткен борышкер ақыры соттың қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 524 бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болып шешілді. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың қатарында сот орындаушысының шақыртуларына келмей Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 521 бабына сәйкес сотқа тартылғандар да бар. Жаңа заңда көрсетілген талаптарға сәйкес бұдан былай сот шешімін орындамаған борышкерлер бір айлық есептік көрсеткішпен әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Сот процесі барысында кінәлерін толық мойындаған борышкерлер енді мұндай жағдай қайталанбайтынын айтып ант-су ішті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети