03 наурыз 2014 13:46

Жаңақорғанның Бірлік ауылындағы 8 үйді су шайып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірлік ауылын су шайған сәт Бірлік ауылын су шайған сәт

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы "Бірлік" ауылындағы 8 үйді Қаратаудан аққан топан су шайып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыстың соңғы айы мен көктемнің бастапқы кезеңі ауданның тау беткейінде тұратын тұрғындарды әбігерге салып қойды. Биыл өңірде қара жылдағы мөлшерден көп жауды. Күн жылысымен жылға-жылғаны су басып, топан су ауыл-ауылға лап қоя берді. Бір апта бұрын ғана аудан орталығы – Жаңақорған кентінде топан суға байланысты тосын жағдай тіркелсе, енді аудан орталығына жақын орын тепкен Бірлік ауылы тұрғындарын да әрі-сәрі күйге түсірді. Ауылдың оңтүстік-шығысындағы шеткі 2 көшедегі 8 үйдің ауласы қарғын суға толды. Кешкі сағат 18:30 шамасында таудан келген су "Қанымсай" жазығына жайылып, елді-мекен шетіндегі "Балапансай" сайының ернеуінен асқан. Жаңақорған ауданы әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаев бастаған төтенше жағдайлар штабы оқиғаның басы-қасында болып, қауіп сейілгеннен кейін ауылдық округ әкімшілігінде жедел штаб отырысын өткізді. Бұл қауіпті тойтаруға 300-ден астам жаңақорғандықтар жұдырықтай жұмылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети