29 шілде 2016 09:10

Жаңаөзенде 4 күннен бері мұнай бұрғылау компаниясының 200-ге тарта қызметкері наразылық ұйымдастырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

Жаңаөзенде 4 күннен бері мұнай бұрғылау компаниясының 200-ге тарта қызметкері наразылық ұйымдастырып жатыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Жаңаөзенде 4 күннен бері мұнай бұрғылау компаниясының 200-ге тарта қызметкері наразылық ұйымдастырып жатыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ереуілшілердің сөзіне қарағанда, басшылық тарапынан қысым жасалып, жаппай жұмыстан қысқарту жүргізіліп жатса керек. Оның үстіне, жарты жыл бұрын өздері дауыс беріп, тағайындаған кәсіподақ басшысы да әрекетсіз отыр, дейді. Бірақ Маңғыстау облыстық еңбеккерлер құқығын қорғау ұйымының өкілдері компанияда жұмыстан заңсыз шығару оқиғасының тіркелмегенін айтады.

"Бізге қысым қатты көрсетіліп жатыр. Бір-бірлеп Қауіпсіздік комитетіне шақырып алады. 4 күн болды, не әкім, не бастығымыз Сариевке дейін келген жоқ. Осы күнге дейін. Кеше мекеменің алдына бардық, шыққан жоқ ешкім", - дейді "Бұрғылау" ЖШС қызметкері Берекет Бекболатов.

"3 күн 3 сағаттан тоқтадық та. Мәселеміз - профком жұмысын дұрыс жасамайды. Солай ғой, халықты қорғамайды. Халық мұң-мұқтажын айтып барса, ол бастыққа айтады. Ал бастық сол адаммен келіп сөйлеседі. Сенің бетің ұнаса, жұмыс жаса, ұнамаса кетер бер да", - дейді "Бұрғылау" ЖШС қызметкері Әнуар Нұрбергенов. 

Оның үстіне, кәсіподақ ұйымының да әрекетсіз отырғандығы жұмысшылар ашуын туғызған. Осыдан жарты жыл бұрын төрағаны өздері сайлап, ай сайын 2 мың теңгеден мүшелікке өтікізуге келіскен.

"Сені статьямен жұмыстан шығардық деді. Қане қандай, көрсет десем, бермейді, көрсетпеді. Асхатқа бар деді. Одан кейін 2 минуттан соң шақырып, өз еркіммен кетемін деп жаз, статьядан сол жақсы ғой дейді. Осындай жағдай", - дейді тағы бір жұмысшы Ибрахим Құлыбаев.

Амалы таусылған еңбеккерлер енді өнідірісті тоқтатуға мәжбүр. Сөйтіп, таңғы 8-ден 10-ға дейін ереуіл ұйымдастырып отыр. Бүгін ереуілшілер ортасына компания басшысы Асхат Сариев тілдесуге әйтеуір келіпті. Оның Маңғыстау облыстық мәслихатта депутат болып отырған міндеті де бар. Жұмысшылар іштегі қудалауға дәл осы кісіні кінәлайды. Бірақ жетекші мұнымен келіспейді. Ал кәсіподақ төрғасын қызметкерлер қаласа, ауыстыруға ниетті. Тек оған үлкен жиынды ұйымдастыру машақаты көп екен.

"Ішкі ереже бойынша қызметкерлердің 50 пайызы қол қойып, жиын өткізуге рұқсат алуы керек. Кеше кәсіподақ төрағасы келіп, бәрін түсіндірді бұл кісілерге. Бірақ оны ешкім тыңдамады. Оған дейін ол 10 күн ауырып, демалысқа шыққан еді. Менің қарсылығым жоқ, жиын өткізе берсін", - деп отыр "Бұрғылау" ЖШС директоры Асхат Сариев. 

Ал мәселеге қатысты Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы, ешқандай да заңсыз еңбеккерлерді жұмыстан шығару дерегінің тіркелмегенін анықтапты. Әрі «қудаландым» деп ешбір адам шағым түсіре де келмеген.

"Жұмыстан қуылғандар келген жоқ. Мында жігіттер айтып жатыр ғой ондай көп деп. Көлік жүргізушісі болған деседі. Ол көлікті өз ақшасына жөндеген көрінеді. Тіпті несие де алғаны айтылған. Бірақ оны белгісіз себеппен жұмыстан шығарып жіберіпті. Онымен жеке сөйлесейін десем, таппадым", - дейді Маңғыстау облыстық кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Міржан Тұманов.

Жалпы "Бұрғылау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, телеарнаның мәліметінше, 2 мыңға жуық жұмысшы бар екен. Дәл осынша адам кәсіподақ ұйымына тіркелген. Қазір компания басшылығы мәселені тиімді шешу жағын қарастырып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети