Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Жаңаөзенде құлдықта болған кісіге грек туыстары көп жылдан бері іздеу салған

29 Мамыр 2014, 11:17
1
Дмитрий Хиониди шалғайдағы ауылда 10 жыл бойы қой баққан. ©tumba.kz
Дмитрий Хиониди шалғайдағы ауылда 10 жыл бойы қой баққан. ©tumba.kz

Он жылдан бері құлдықта болып, кейін қашып кеткен жаңаөзендік Дмитрий Хионидиді грек туыстары тарихи отанына қайтаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленушінің жақын туыстары хабарлап отыр. Еске сала кетейік, жақында БАҚ құралдары он жылдан бері жеке шаруа қожалығында құлдыққа болған кісі туралы хабарлаған болатын. Оның туысы Алекс Кокантоның айтуынша, Хионидің құлдыққа түсіп қалғаны туралы жаңалық оларды қатты таң қалдырған.

Оның қарындасы Софияның айтуынша, соңғы рет олар Дмитрийді 1990 жылдың басында көрген. Сол кезде олар отбасымен Сухумиде өмір сүрген. Олар Қазақстаннан келген Дмитрийді өздерімен бірге осында қалуға көндірмек болған. Алайда ол бұл ұсыныстан бас тартқан, себебі әйелі барын айтқан. Осыдан кейін байланыс үзіліп, туыстары Грекияға көшіп кеткен. 2009 жылы туыстары іздеу салып, Дмитрийді қайтып тапқан. "Ол соңғы хатында: "егер мен хат жазбай қалсам, онда мені іздемеңдер. Мен тауға кетіп, қой бағуым мүмкін. Хат жазбай қалсам, мені уайымдамаңдар" деп жазған", - дейді София. 

Айта кетейік, Хиониданың өзі он жылдан бері құлдықта болғанын айтқан болатын. Оның сөзінше, бір кездері Жаңаөзенде оның жұмысы да, отбасы да болған екен. Бірақ кейін бақытсыздық орын алған. Алдымен әйелі, артынан өгей қызы қайтыс болған. Осының салдарынан Хионида ішімдікке салынған. "Мен жалғыз қала алмадым, себебі ішімдіктің салдарынан өліп кетуім мүмкін еді. Ішімдікті бір жола қою үшін шопан болуды ұйғардым", - дейді ол. Осыдан кейін ол жеке шаруа қожалығына жұмысқа орналасқан. Хионидің айтуынша, жұмыс беруші оған қатал қарап, тіпті әйелі мен қызының қабіріне баруға да жібермеген. Құлдықта болған кісінің аяғы ауырғаннан кейін ол иесіне керек болмай қалған. Басшысы оны ауруханаға жіберген. Айта кетейік, Хиониди өзін күштеп ұстаған иесінің үстінен арызданғысы келмейді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай