08 ақпан 2016 16:44

Жаңаөзенде Маңғыстау облысындағы ең үлкен мешіт салынып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "MangystauOnline" © "MangystauOnline"

Жаңаөзенде Маңғыстау облысындағы ең үлкен мешіт салынып жатыр, - деп хабарлайды "MangystauOnline" ақпарат орталығына сілтеме жасап.


Жаңаөзенде Маңғыстау облысындағы ең үлкен мешіт салынып жатыр, - деп хабарлайды "MangystauOnline" ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Жергілікті кәсіпкер Қошбай Қызанбаевтың айтуынша, зәулім мешіттің құрылысы осыдан 3 жыл бұрын басталған. Мешіт құрылысына ақша жинау мақсатында "Ынтымақ" қоры да ашылыпты. "Жаңаөзен тұрғындары мен "ҚазМұнайГаз" компаниясының қызметкерлерінен 79 миллион теңге жиналды. Бұл қаражат мешіттің бірінші қабатын салуға жетті. Кейін құрылыс екі жылға тоқтатылды. 2015 жылдың қазан айынан бері қорға 5 миллион 600 мың теңге түсті. Бұл ақшаға мешіт аумағына асхана салып, аумақты көгалдандыру жүргізу жоспарланып отыр. Қазір екінші қабаттан балаларды оқыту бөлмесі, неке қию бөлмесі, намаз оқитын орындар салынып жатыр", - деді ол.

Қошбай Қызанбаев мешіт құрылысын былтырдан бері басқарып келеді. "Бұл Маңғыстау облысындағы ең үлкен мешіт болады. Облыстық мешітке бір уақытта 1000 адам сыйса, жаңа мешітке 1 500 адамға дейін келе алады", - деді ол. Меценаттың айтуынша, құрылысты 12 қыркүйек, яғни Айт намазына дейін аяқтау жоспарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети