20 наурыз 2019 16:49

Жанат Ешмағамбетов ҚР әділет министрінің орынбасары қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанат Ешмағамбетов. © aqmola.ortcom.kz Жанат Ешмағамбетов. © aqmola.ortcom.kz

Жанат Ешмағамбетов ҚР әділет министрінің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жанат Ешмағамбетов ҚР әділет министрінің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ешмағамбетов Жанат Болатұлы берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының әділет министрінің орынбасары қызметінен өз еркімен босатылды", - делінген хабарламада. 

Жанат Ешмағамбетов 1970 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр. Қарағанды политехникалық институтының "тау-кен инженер-технолог" мамандығы бойынша (1992) және Қарағанды Экономикалық Университетінің "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған. 

Еңбек жолын 1992 Қарағанды қаласының "Арқа" құрылыс фирмасының жабдықтау бөліміде аға маманболып бастаған. Әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы комитетінде, Әділет министрлігінде қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде және Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығында жұмыс істеді. Әділет министрінің орынбасары лауазымына 8 сәуір 2016 жыл тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети