22 сәуір 2018 17:51

Жаңбыр, найзағай мен дауыл: Дүйсенбіде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, тұман, екпінді жел сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, тұман, екпінді жел сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенді, 23 сәуірде Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.  

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел күшейеді. Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети