08 қараша 2016 12:12

Жапония мен Қазақстан антиядролық қозғалыстың көшбасшылары болып саналады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Елбасы Жапонияның сыртқы істер министрі Фумио Кисидамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Елбасы Жапонияның сыртқы істер министрі Фумио Кисидамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Жапонияның өзара іс-қимылының түрлі аспектілері талқыланып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония серіктестігінің жоғары деңгейге жеткенін және сапар аясында өтіп жатқан келіссөздер алдағы уақытта оның аясын кеңейтуге бағытталатынын атап өтті.

"Біздің елдеріміз ядролық қарудың зардабын тікелей өз басынан өткерді. Жапония мен Қазақстан антиядролық қозғалыстың көшбасшылары болып саналады. Бұл жұмысты біз бірлесіп жалғастырамыз деп сенемін. Менің Хиросимаға алдағы сапарымның мақсаты - жапон халқымен ниеттестігімізді білдіру, біз ХХІ ғасырда ядролық қарусыз әлем қалыптастыру жолында бірлесе жұмыс жүргізудеміз", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-қимылының белсенді түрде жүргізіліп отырғанына назар аударды.

"Жапония дипломатиясының барлық бағытта, соның ішінде Орталық Азиядағы белсенділігін атап өткім келеді. Жапония мен Қазақстанның бүкіл халықаралық істерге қатысты ұстанымдары ұқсас", - деді Елбасы.

Кисида Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапония Премьер-министрімен өткізген келіссөзінің жемісті болғанын айтты.

"Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі Сіздің көшбасшылығыңызға шынайы құрметпен қараймыз. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы - Сіздің табысты жетекшілік етуіңіздің көрсеткіші", - деді Жапония сыртқы істер министрі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети