01 тамыз 2018 18:08

Жаркентте сот залында босатылған Сайрагүл Сауытбайды қалың жұрт қошеметпен қарсы алды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан алынға сурет видеодан алынға сурет

Қытайдың этникалық қазағы Сайрагүл Сауытбайды сот отырысынан қалың жұрт кейін қол соғып, гүлмен қарсы алды. Видео Youtube-те пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.


Қытайдың этникалық қазағы Сайрагүл Сауытбайды сот отырысынан қалың жұрт кейін қол соғып, гүлмен қарсы алды. Видео Youtube-те пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.

Үкім шыққан Панфилов аудандық сотынан әйел шыққаннан кейін оны бір топ адам қарсы алды. Сайрагүл Сауытбай сотқа рақметін айтты.

"Ең басты айтқым келгені, қазақстандық сот әділ. Елде осындай азаматтар бар болғанда, Қазақстан өркендей береді. Бұл уақыт аралығында өзімнің жалғыз емес екенімді түсіндім. Өте бақыттымын", - деді әйел.

 

Еске салайық, бүгін Панфилов аудандық сотында шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыпталған қазақ әйел сот залында босатылған еді. Сайрагүл Сауытбай алты айға шартты түрде бостандығынан айырылды. Оған пробациялық бақылау орнатылды. Айыпталушы сот залында босатылды. Сайрагүл Сауытбай ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігі бойынша ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту") айыпталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети