Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Жас Отан" төрағасы Алматы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасына жетекші болып тағайындалды

17 Тамыз 2015, 14:42
1
© Twitter
© Twitter

Нұрлан Сыдықов Алматы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасына жетекші болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Айта кетейік, осыған дейін бұл қызметті Назар Балғымбаев атқарды. Қазір ол басқарма жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.

Нұрлан Сыдықов 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірді. "Жасыл ел" еңбек жасақтарының штабы, Алматы қоғамдық жастар ассоциациясында жұмыс істеп, "Қазақстан жастарының конгресі" заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастығында жетекші қызметте болды. "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатында жауапты хатшы қызметін де атқарды. 2015 жылдың сәуірінде Нұрлан Сыдықов "Жас Отан" жастар партиясының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Алматы әкімі ауысты. "Нұр Отан" партиясының төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Байбек оңтүстік астанаға әкім болып келді. Ал Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар, Қазақстанда бірінші басшының жаңа жұмыс орнына өзінің қоластындағы бірнеше қызметкерді ауыстыра алатыны хабарланған еді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай