Жасөспірімдерге ішімдік сатқан 166 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

16 Қараша, 12:59
1
Жасөспірімдерге ішімдік сатқан 166 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды - Сурет: Тұрар Қазанғапов
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында баласын қараусыз қалдырған 27 адам ата-ана құқынан айрылды және бала тәрбиесіне немқұрайды қараған 137 ата-ана жауапқа тартылған, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері ұстаздармен бірлесіп, 600-ге жуық қолайсыз отбасының тұрмыстық мекенжайын тексерген.

"Жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауына жол берген 90 ойын-сауық мекемесінің иесі және 21 жасқа толмаған жасөспірімдерге ішімдік сатқан 166 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда 486 құжат қаралып, төрт жасөспірім арнайы мектепке жөнелтілді. Балаларды қараусыз қалдырған 27 адам ата-ана құқынан айрылып, 137 ата-ана тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершеліккке тартылды. 700-ден аса бала тәрбиелеп отырған қолайсыз отбасылармен жұмыстар жүргізілді", - дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.

Тәртіп сақшылары оқушы бұзақылығын жасырған ұстаздардың да жауапқа тартылатынын ескертті. Облыста кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеп жүрген 114 мектеп инспекторы бар. Олар 442 білім беру мекемелеріне бекітілген.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай