31 мамыр 2019 11:46

Жастар екі елге ортақ өзенді қоқыстан тазартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талас өзені бойында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Бір өзен - бір тағдыр" атты бастаманы көтерген қырғыз-қазақ жастары экологиялық акция өткізуге бел сыбана кіріскен. Ондағы мақсат - Талас пен Тараз арасын жалғап жатқан өзен маңындағы күл-қоқыстарды тазарту. 

Осылайша бастамашылар екі ел арасындағы ерекше байланысты дамытпақ ниетте. Екі ел еріктілерінен құралған экологиялық топ өзенді тазарту ісіне арнайы келген. Өйткені, өзенді жағалай жүрсең,  жағадағы қалдықтардан  көз сүрінеді. Демалушылар енді мұндай іске бармасын деген тілекпен жол бойына тақтайшалар да қағылды.

"Бұл шара бізге керек. Өйткені, дәл осындай жұмыстарды заман талап етуде. Және де біз акцияны жыл сайынғы дәстүрге айналдырсақ деген ойдамыз. Енді, іс-шарамызды шекарада жатқан Шу мен Аса өзендері маңында жалғастыратын боламыз", - дейді акцияны ұйымдастырушы Ихтияр Мырзахметов. 

Жалпы Талас өзенінің ұзындығы - 661 шақырым. Оның ішінде  қазақстандағы бөлігі 453 шақырым шамасында. Қырғыз жастары да игі бастамада барынша белсенділік таныту өзгелерге үлгі болса екен дейді.   

Алдағы уақытта да акция Жамбыл облысы аймақтарынан бөлек, Қырғыз жерінде де жалғасын таппақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети