27 мамыр 2014 13:31

Жастар саясаты туралы заң жобасы қаралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Strategy2050.kz Фото Strategy2050.kz

ҚР Парламент Мәжілісі Жастар саясаты туралы заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламент Мәжілісі Жастар саясаты туралы заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліске келіп түскен заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген. Сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі бағыттарын көздейді. 

"Заң жобасы жастарды мемлекеттік және қоғамдық өмірге тартуды, белсенді қатысуды қамтамасыз ету, әлеуметтік проблемаларды шешуге көмек көрсету, әлеуметтік инфрақұрылымға тең қол жеткізуді қамтамасыз етуді, мемлекеттік жастар саясаты саласының нормантивтік құқықтық базасын дамыту жөніндегі шараларды жетілдіру мақсатында әзірленді", - деді отырыс төрағасы Мейрам Бегентаев.

Жаңа құжат бойынша 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында мемлекеттік жастар саясаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құруға белсенді қатысатын бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға бағытталатыны көрсетілген. Алда патриоттық тәрбие, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық ұстаным мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға, кәсіпкерлік пен инновациялық әлеуеттік дамытуға, жас таланттарды анықтаумен қолдауға бағытталған жас ұрпақпен өзара іс-қимыл жасаудың тиімді жобасы әзірленбек.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети