14 сәуір 2019 17:10

Jasyl Meken акциясы аясында Алматыда жеті мың ағаш отырғызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасынан Сурет Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасынан

Jasyl Meken жалпықалалық акциясының шеңберінде бір күннің ішінде Алматы қаласында жеті мың ағаш отырғызылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Jasyl Meken жалпықалалық акциясының шеңберінде бір күннің ішінде Алматы қаласында жеті мың ағаш отырғызылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отырғызылған ағаштардың ішінде: шаған, қайың, жөке ағашы, емен, шегіршін, акация, шырша және басқа да ағаштың түрлері бар.

Бұл ағаш түрлерінің көбісі таулы жерлерде жақсы өніп кетеді жəне көп күтіп баптауды қажет ете бермейді.
Бастысы бұл ағаштар қаланың атмосферасын оттегімен қанықтырады. Отырғызылған ағаштар қаламыздың көшелері мен саябақтарына көрік берді.

Қалалық акцияға 120 мыңнан аса адам қатысты, оның ішінде қала тұрғындары, қоғамдық жəне жастар ұйымдары өкілдері, Алматы қалалық Nur Otan партиясы филиалының мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, заңды тұлғалар, ПИК, ЖҮТК және қала жастары.

Ағаш егумен қатар аудандарда: көшелерді, аула аумақтарын, жалпы пайдаланудағы жерлерді, арықтарды, сондай-ақ өзен арналары мен жағалауларын санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Жиналған қоқыстарды шығару үшін коммуналдық қызметтер мен ұйымдардың 900-дей арнайы техникасы жұмылдырылды.

Акция шеңберінде Диваев көшесінен Одесская көшесіне дейінгі Шығыс айналма автомобиль жолының бойына 557 ағаш отырғызылды, соның ішінде 100 емен ағашы, 175 жөке ағашы, 100 церцис, 75 катальпа, 25 қайың жəне 82 шырша бар. Жалпы жазға дейін 12 мыңнан аса ағаш отырғызу жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети