Жайық тасыса Оралдағы саяжайлар түгел суға кетеді

13 Наурыз 2014, 16:51
0
Жайық тасыса Оралдағы саяжайлар түгел суға кетеді - ©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
Жайық тасыса Оралдағы саяжайлар түгел суға кетеді. Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен брифингте Орал қалалық ТЖ басқармасының басшысы Талғат Еділбаев Tengrinews.kz тілшісіне осылай деп мәлімдеді.

Брифингке қатысқан Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ғалым Орынғалиевтің айтуынша, күні бүгін шаһардың айналасындағы бау-бақша қоғамдарында 2444 отбасы немесе 7583 адам тұрақты тұрып жатыр. "Бұл жерлердің барлығы Жайықтың аңғарында орналасқан. Яғни, көктемде суға кетеді. Наурыздың 3-і күні саяжайдың барлық тұрғындарын жинап жағдайды түсіндірдік. Су тасығанын күтіп отырмай, тез арада қауіпсіз жерлерге уақытша болса да көшуге үгіттеудеміз", - деді Ғ.Орынғалиев.

Қалалық ТЖ басқармасының басшысы Талғат Еділбаев биыл Ресей жағынан келетін Жайық суының жылдағыдан ерекше мол болатындығын қаперге берді. "Жайық, Шаған және Деркөл өзендері бойындағы саяжайлар түгел суға кетеді. Сол себепті біз эвакуациялық комиссиялар құрып, ол комиссиялар адамдарды уақытша көшіретін орындарды жасақтауда", - деді қалалық ТЖ басқармасының басшысы.

Көктем басталғалы бері қала көшелерінен 155 мың тонна қар шығарылған. Жұмыс әрі қарай жалғасуда.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай