27 ақпан 2019 08:00

Жайықтағы балықтың қырылу себебі әлі анықталмай келеді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Хабар 24" © "Хабар 24"

Атырау облысында балық қырғыны тоқтағанымен, оның салдары әлі жойылған жоқ. Желтоқсан-қаңтар айларында Жайық өзені суына араласқан әлдебір улы қоспаның кесірінен жүздеген тонна балық қырылып қалған еді. Себебі әлі күнге нақтыланған жоқ. Сондықтан табиғат жанашырлары кесел Каспий теңізіне таралып кете ме деп алаңдаулы, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі. 


Атырау облысында балық қырғыны тоқтағанымен, оның салдары әлі жойылған жоқ. Желтоқсан-қаңтар айларында Жайық өзені суына араласқан әлдебір улы қоспаның кесірінен жүздеген тонна балық қырылып қалған еді. Себебі әлі күнге нақтыланған жоқ. Сондықтан табиғат жанашырлары кесел Каспий теңізіне таралып кете ме деп алаңдаулы, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі. 

Биыл Жайық өзенінің үсті ел көшкендей құлазыңқы. Тек байырғы ермектерінен қол үзбегендер мен табиғат аясында демалғысы келетіндер ғана ұшырасады. Себебі суда тірі балық жоқ. Сонан ба, балықшылардың жүзінде қаяу бар.

Күні бойы екі мөңке ұстадым. Ақпан айы теңізден су келіп балықтардың қозғалатын кезі еді. Өкінішке қарай, биыл қармақ қанданбай тұр.

Керісінше мұз көбесі жұқарғалы өлі балықтардың өлексесі көптеп шыға бастаған. Өткен желтоқсан-қаңтар айларында су бетінен 108 тонна өлі балық жинап алынған. Әлі қаншасы мұз астында жатқаны беймәлім

"Менің жеке бақылауым бойынша, Жайық өзенінде 200 тоннадан кем емес өлі балық жатыр. Өлі балықтарды жергілікті билік мұзды сындырып тез арада жинап алуы керек деп есептеймін. Өйткені шіріп жатқан органика Жайық-Каспий бассейнінің экожүйесіне үлкен зардабып тигізеді", - қоғамдық қор төрағасы Арман Хайруллин.

Бір назар аударарлығы, әлі күнге дейін өзен суы қалай уланғаны, осыншама су маржандарының неден өлгені туралы нақты дерек жоқ. Атқарушы билік пен балық қорғаушылар уланған балық өлекселерін жинап жою жұмыстарын бастады. Енді балық өлекселерінің ашық теңізге таралмауы үшін іске кіріспек.

"Телефоннан жазылған: Атырау қалалық әкім аппараытмен бірлесіп, еріктілерді жұмылдырамыз. Сонымен қатар табиғат пайдаланушылар бар. Солардың құрал жабдықтарын пайдаланып, өлген балықтардың бәрін жинап алуға жұмыс жүргіземіз. Яғни теңізге қарай өтуіне жол бермейміз", - облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.

Апатты жағдайға қатысты алынып жатқан шараларды да жоққа шығаруға болмас. Желтоқсан айында құрылған арнайы комиссия жан-жақты зерттеу жұмыстарын қолға алды. Орман шауашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы ғалымдармен бірлесіп өзен суы мен тірі табиғатқа миниторинг жүргізіп келеді. Олар балық өлімі тоқтады дегенді айтады. Дегенмен Атырау жұртшылығы ықылым заманнан ырзығын теріп келген ұлы өзеннің тағдырына қатты алаңдап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети