19 мамыр 2021 09:15

Арызданушы жала жапқанын мойындаса да ақтаулық күдікті 10 жылға сотталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Ақтауда ер адам қызды зорлағаны үшін 10 жылға соттады. Кейін қыз сүйіктісіне жала жапқанын мойындаған. Бірақ сот тергеуде айыпталушының кінәсі дәлелді деп санап, үкімді өзгеріссіз қалдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Ақтауда ер адам қызды зорлағаны үшін 10 жылға соттады. Кейін қыз сүйіктісіне жала жапқанын мойындаған. Бірақ сот тергеуде айыпталушының кінәсі дәлелді деп санап, үкімді өзгеріссіз қалдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ер адамның анасының айтуынша, ұлының сүйіктісі полицейлер қысым көрсеткеннен кейін жала жапқан, дейді басылым тілшісі.

"Екеуі тату тұратын. Бірақ бір күні ұлым оған қол көтеріпті. Қыз арыз жазды. Полиция ұрғаны үшін ештеңе болмайтынын, сондықтан "зорлады деп жаз" деген. Ол алдымен келіспеген. Кейін олар қағаз алып келеді, ал ол қол қояды. Қыз кейін өкініп, аразды қайтып алғысы келді. Бірақ жалған ақпарат бергені үшін отырғызамыз деген. Қыз содан қорықты", - деді сотталушының анасы Светлана Уналова.

Биыл наурызда Ақтау қалалық соты ер адамға үкім шығарды – 10 жылға бас бостандығынан айыру. Жағдайды түзетуге тырысқан бойжеткен Маңғыстау облыстық сот алқасына арыз жазып, онда зорлау болмағанын мойындаған.

"Сол күні қоңырау шалғаннан кейін өзім бардым. Онда біз бірнеше күн бірге болдық және ерікті түрде жақын қарым-қатынасқа түстік. Бастапқы мәлімдемеде мен зорлау және жыныстық зорлық-зомбылық туралы жазған жоқпын. Жақын қарым-қатынас туралы әңгіме бетпе-бет кездестіруде басталды, онда біз екеуіміз де жақын қатынасты жоққа шығармадық. Ол кезде мен жазаның қатал болатынын білмедім", - делінген хабарламада.

Тілші ақпаратына сүйенсек, апелляциялық сот бұны ескермеген. Соттың жазбаша жауабында ер адамның кінәсі толығымен дәлелденгені көрсетілген.

"Сот іс материалдары мен мән-жайын зерттеп, әрбір дәлелдемені қатыстылығы, жарамдылығы, дұрыстығы, ал жиналған дәлелдемелер жиынтығы - істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалап, сотталушы оған айып тағылған іс-әрекетті жасағаны үшін кінәлі екені дәлелденді деп есептеді", - делінген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің жауабында.

Телеарна мәліметі бойынша, сотталушының адвокаттары зорлау дерегі дәлелденбеген деп санайды. Өйткені сот сарапшыларының қорытындысында қызға зақым келмегені туралы айтылған. Енді "зорлау құрбаны" үкімге келіспейтін тұстарымен Бас прокуратураға шағымдануға ниетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети