07 ақпан 2017 11:20

Жібек Мусинованың ісі бойынша сот отырысы күшейтілген күзетпен өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жібек Мусинова. Жібек Мусинова.

Алматы облысының соты Жібек Мусинованың апелляциялық шағымын қарастыру ісі бойынша қосымша қауіпсіздік шаралары қолданылады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысының соты Жібек Мусинованың апелляциялық шағымын қарастыру ісі бойынша қосымша қауіпсіздік шаралары қолданылады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сот отырысы 14 ақпанға белгіленген. "Бірінші инстанцияда өткен сот отырысында Жібек Мусиноваға қатысты іс бойынша сотталушылардың жақтастары тәртіпсіздік көрсетіп, сот приставы мен полиция қызметкерін балағаттаған. Осы дерек бойынша, Алматы облысының соты қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында қосымша күшейтулерді іске қосады", - дейді Алматы облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Айнаш Рахымбаева,

Еске салайық, 2016 жылы 28 қарашада Есіктегі Еңбекшіқазақ аудандық соты Жібек Мусинованы зорлады делінген сотталушыларға қатысты сот үкімін шығарды. Асхат Бектұрсын 10 жылға дейін, Алмас Ермеков 9,5 жылға дейін, Ербол Ермеков 8 жылға дейін, ал Елтай Нұрбол 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети